Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінде әскерге шақыруды ұйымдастыру мәселесі талқыланды (ФОТО)

Астанада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жөнінде екі күндік әдістемелік-нұсқаулық сабақтары аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Ақпан, 12:19

Аталған сабақтарға ҚМ, БШ және ҚР ҚК құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, әскерге шақыру комиссияларының өкілдерінен болып табылатын денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, ҚІД медициналық қызметі мен психологтары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің психологтары қатысты. Сонымен қатар, Білім беру, Денсаулық сақтау, Инвестициялар мен даму министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері де тартылды.

Әдістемелік-нұсқалық сабақтар барысында Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құрамаларын жасақтау үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында (бөлімдерінде) әскерге шақыру жұмыстарын, сондай-ақ шақыру контигенттерін медициналық куәландыруды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қарулы Күштер түрлерінің, басқа әскерлері мен әскери құрамаларының өкілдері іріктеу тәртібі мен өздерінің бөлімшелеріне әскерге алынғандармен жасақтау мәселелеріндегі проблемаларды айтты.

Сабақтардың қорытындысы бойынша жергілікті әскери басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, әскерге шақыруға жауапты адамдар марапатталды. 2016 жылғы күзде Қарулы Күштердегі мерзімді әскери қызметке ҚР азаматтарын әскерге шақыруды сапалы ұйымдастырғаны және жүргізгені үшін әскерге шақыру комиссиясының өкілдері грамоталармен наградталды.

Атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің орынбасары – Румиль Тауфиков, Оңтүстік Қазақстан облысында – Жақып Бөкенбаев, Павлодар облысында – Дүйсенбай Тұрғанов, Қызылорда облысында – Серік Сүлейменов, Солтүстік Қазақстанда облысында – Антон Федяев. Грамоталармен, алғысхаттармен Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысының және Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, әскерге шақыру бойынша іріктеу бөлімшелері, дәрігерлік сарапшылар, тәрбие және идеологиялық жұмыстар, ішкі әскери даярлық бөлімдері мадақталды.





Яндекс.Метрика