Инвестициялар

Ақмола облысында инвестиция көлемі қаңтар айында 19,1%-ға артты

2017 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 7042,4 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтардан 19,1% артық. Инвестициялардың республикалық көлемінде Ақмола облысының үлесі 2% құрады, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
Ақмола27 Ақпан , 11:56

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір бөлігін кәсіпорындардың меншікті қаражаты (81,7%) алады. Есепті кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде бюджеттік қаражаттың үлесі 1,5%, банктердің кредиттері – 4,6%, басқа да қарыз қаражаты – 12,2% құрады.

Шығын түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен машиналар, жабдықтар, көлік, құрал-саймандарды сатып алу және құрделі жөндеуге 51,6% келеді, ғимараттар мен имараттарды салу және құрделі жөндеу жұмыстарына – 41,3%, өзге де шығындарға – 7,1%.

Инвестициялардың ең үлкен көлемі өнеркәсіпке (үлесі инвестициялардың жалпы көлемінде 27,8% құрады), ауыл, орман және балық шаруашылығына (24,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (23,5%) бағытталды.

2017 жылғы қаңтарда облыс бойынша негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар 6313,7 млн. теңге, сыртқы – 728,7 млн. теңгені құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көбеюі 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда облыстың тоғыз аудандарында, Көкшетау және Степногор қ.ә. белгіленді. Елеулі өсуі Шортанды (27,1 есе) және Ақкөл (8,3 есе) аудандарында байқалды.

 

 




Яндекс.Метрика