Евразиялық одақ

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 401 млн доллардың өнімін экспорттады

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 401 млн доллардың өнімін экспорттады, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе27 Ақпан , 11:12

«2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда  Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 890401,5 мың  АҚШ  долларын  құрады, оның ішінде экспорт – 401393,6 мың АҚШ  долларын, импорт – 489007,9 мың  АҚШ  долларын құрады», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 89% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 18% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 16%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 26% әкелінеді.

 




Яндекс.Метрика