Инфрақұрылымның дамуы

Астанада 2017 жылдың қаңтарында 2 911 пәтер пайдалануға берілді

Астанада 2017 жылдың қаңтарында 2 911 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Ақпан , 10:49

«2017 жылғы қаңтарда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 8909,0 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтардағы деңгейге қатысты алғанда 106%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 40,5%-ды құрады», - делінген  хабарламада.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 2911 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 302878 шаршы метрді құрады, бұл  2016 жылғы қаңтардағы деңгейден 71,5%-ға жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 2028 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2016 жылғы қаңтарға қатысты алғанда 17,3%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі  2016 жылғы қаңтардағы  6,6%-ға қарағанда 0,7%-ды құрады.

Елордада 2017 жылғы қаңтарда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 184,9 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 239,9 мың теңгені құрады.

 




Яндекс.Метрика