Білім беру

Баянауыл ауданына оқушыларды тасу үшін 5 автобус сыйға тартылды

Осылайша, 9 елді мекеннің оқушыларын Баянауыл ауданының 10 мектебіне тасуды жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігі.
Павлодар27 Ақпан , 10:24

Көлік құралдары ауданның Жаңажол, Күркелі, Шоптыкөл, Торайғыр ауылдық округтерінің тұрғындарына арналған. Жаңа ПАЗ-32053 автобустары ауылдық округтерге шалғайдағы ауылдардың оқушыларын жалпы білім беретін орта мектептерге тасу үшін бөлінген.

«8 ауылдық округке жататын 9 елді мекеннен оқушыларды 10 мектепке тасу жүзеге асырылатын болады», – деп хабарланды әкімдікте.

Айта кету керек, биылғы жылғы наурызда Баянауыл ауданы үшін тағы бір автобус алынатын болады.

ҚР БҒМ ақпараты бойынша, осы жыл ішінде Баянауыл,  Ақсан, Жаңажол, Шоптыкөл, Күркелі және Торайғыр ауылдық округтерін дамыту үшін жергілікті бюджеттен 55 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. 




Яндекс.Метрика