EXPO-2017

Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне жоғары деңгейде дайындалған – шетелдік сарапшылар (ВИДЕО)

Эксклюзив
Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде, ЭКСПО-ны шетелде насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық туралы шетелдік сарапшылардың пікірін Strategy2050.kz АА эксклюивті сұхбатында таныстырады.
Астана қаласы 25 Ақпан, 16:02

Голландиялық павильон директоры Эвелин Бяйл ЭКСПО-ның «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы өте өзекті екенін жеткізді.

«Мен Астананы аталмыш көрмені өткізуімен шын жүректен құттықтаймын. Біз Голландиялық тарап «Болашақтың энергиясы»  атты тақырыпта өтетін көрмеге қатысқалы жатқанымызға қуаныштымыз. Көрмеде біз отанымызды сумен үнемі күрсеіп  жүрген ел ретінде таныстырамыз. Біз энергия үнемдеу саласында жаңа технологияларды әзірледік, оны өз павильонымызда таныстырамыз. Біз қазір көрмеге дайындық үстіндеміз, қатысушы елдердің басқосуына қатысып жатқанымыз да қуантады. Біз өзімізге қажетті ақпаратты игеріп,  дайындық тәжірибесін жалғастырмақпыз», - деді Э.Бяйл.

Итальяндық бизнестің өкілі Марко Беретта Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқалы жатқанына қуанышын білдіріп, Миланда 2015 жылы өткен ЭКСПО-мен салыстырды.

«ЭКСПО-2017  B2B форматында кездесулер өткзіп жатқандығы қуантады, сондай-ақ,  маңызды келісімдер де қол қойылатын шаралар ұйымдастырылады. Біз Миланда 2015 жылы өткен ЭКСПО-ға қатысқан болатынбыз. Астанаға үлкен тәжірибемен келеміз. Павильонымызға 50-ден астам ел келеді деп күтеміз. Аталмыш шара Астананы халықаралық дәрежедегі іскерлік  серіктестік қызметінің орталығына айналуына ықпал етеді деп ойлаймыз. Астана ЭКСПО-ға дайындық бойынша Миланнан алда келе жатыр. Қазақстан ауқымды жұмыс атқарды, әлі де атқарылатын жұмыстар баршылық. Қазір барлық қатысушы елдер шара жоғары деңгейде өтуі үшін өз павильондарын әрлеуге күш-жігерін салуы керек», - деді М.Беретта.

Өзінің пікірін Иранның  сәулет павильонының басшысы Мохаммед Мохебали де білдірді.

«Біздің павильон тұжырымдамалық жобалаудың пәні. Жобаның идеясы – жел, күн  және су сынды табиғи ресрустарды сақтап қалу. Өмір сүруге қажетті  төрт элемент жобаны құрудың негізінде жатыр. Энергия жанармайды қолданудан туады, ол барлық әлем үшін маңызды, оның ішінде Иран да бар.  Біз бұл энергияны «тазартуды» жоспарлап отырмыз. Осы жоспар бойынша электромобильдерді құрастыруды қарастырып, қоршаған ортаға аз зиян келтіретін ауыр өнеркәсіпті енгізуді көздеп отырмыз. Қазақстан өте ауқымды жұмыс атқарды. ЭКСПО-ның сәулет алаңы таңқалаларлық. Иран павильонының алаңы  504 шаршы метр және ол Жапония, Малайзия, Вьетнам елдерінің павильонына жақын орналасқан», - деді ол.

Айта кетейік, Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

ЭКСПО Астанада 2017 жылдың  10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика