ҚР Президентінің Жолдауы

Теміржолшылар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

Орал жүк тасымалдау бөлімшесінде өңірдегі теміржолшылардың кеңейтілген отырысы өткізілді. Жиын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіруге арналды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан25 Ақпан , 15:04

Кеңесті ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» директоры Жарас Ізғұлов: «Қазақстан дамудың 25 жылдық белесін абыроймен бағындырды», - деп атап өтті.

«Республиканың жетістігі мен табыстарын әлем жоғары бағалап отыр. 2017 жылдың басынан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды. Биылғы жылы Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесі өткізіледі. Біздің еліміздің дамуындағы ұстанатын қағидасы – бейбітшілік және тұрақтылық, келісім және ынтымақ»,-деп атап өтті Ж. Ізғұлов.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» Кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқараманың бастығы Руслан Барбасов:  «Жолдау нақты бағдарламалық құжат. Онда еліміздің әрі қарай дамуының негізгі бағыттары айқындалған. Мемлекетті дамытудың таяу жылдарға арналған басымдықтары белгіленген»,-дей келіп 2017 жылғы Жолдаудағы Қазақстанды жаңғыртудың бес басымдығына тоқталды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақназар Кәрібаев пен Орал телімінің аймақтық қозғалыс қауіпсіздігінің ревизоры Жұбаназар Төребековтер жаңа дамып келе жатқан жас мемлекетіміздің жетілуіне теміржол саласы мамандарының қосып  отырған еңбегіне тоқталды.

Орал жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Дархан Құланбаев ҚР Үкіметінің алдына 2020 жылдары транзиттік жүк тасымалын жеті есеге өсіру мақсаты қойылып отырғандығын тілге тиек етті. Ол әріптестерін Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің өміріне белсенді араласуға, Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын орындауға жұмыла кірісуге шақырды.

 




Яндекс.Метрика