Адами капитал

Жас прокурорларға арналған кезекті кәсіби даярлау курстары аяқталды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратураның жас қызметкерлеріне арналған кезекті кәсіби даярлау курстарының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Ақпан , 11:51

Курс тыңдаушылары ретінде Бас прокуратураның «Прокуратураға үздік кадрлар!» жобасы аясында кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі арқылы қабылданған 62 жас қызметкер қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Институт директоры Нұрлан Дәниев  аяқталып отырған курстардың бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ түлектерді оқуды сәтті аяқтауларымен құттықтады.

Оқу процесі қадағалау қызметінің басым бағыттарына негізделген. Менеджмент, шешендік шеберлік, әлеуметтік-психологиялық әсер ету және психологиялық самбо тәсілдері бойынша бірнеше сағаттық тренингтер өткізілді.

Әр қатысушы заңнаманы білу бойынша тестілеуден өтті, физикалық және атыс дайындығы бойынша сынақ тапсырды, прокурордың күнделікті жұмысы үлгісіндегі кейстік тапсырмаларды шешті.

Сондай-ақ тыңдаушылар стратегиялық жоспарлау, қызметтегі көшбасшылық пен жеке тиімділік әдістерін меңгерді. Жалпы оқыту кезеңі бойынша тыңдаушылар 166 академиялық сағат көлеміндегі оқу материалдарын игерді.

Салатанатты жиын соңында жас прокурорларға курстарды аяқтағандары туралы сертификаттар табысталды.

 

 




Яндекс.Метрика