Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Парламент үшін бақылау функцияларының анағұрлым күшті тетіктері қажет – Башмаков

Парламент үшін бақылау функцияларының анағұрлым күшті тетіктері қажет, деді ҚХА Кафедралар қауымдастығының төрағасы Анатолий Башмаков Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі барысында.
Астана қаласы24 Ақпан , 17:38

А. Башмаков еліміздің одан әрі дамуының үш айқындығын, сондай-ақ Парламент функцияларын атап өтті

«Сәтті дамып, алға қарай жылжу үшін үш өлшемшарт қажет. Бұл, ең алдымен, жүйе, екіншісі – перспектива, үшіншісі – бақылау. Президенттің Жолдауы маңызды әрі басты құжат қана емес, биылғы Жолдау өзгеше нысанда ұсынылды. Жолдаудың 80%-ы экономикалық проблемаларға және экономиканы жаңғыртуға арналса, 20%-ы – біздің өміріміз бен қызметіміздің басқа салаларына қатысты проблемалар», – деді А. Башмаков.

Оның айтуы бойынша, Президенттің Жолдауы – бұл оның болашақ туралы ойы, өзіндік перспективалы жоспар.  

«Құжатта қазақстандықтардың көпшілігі үшін лайықты болуы мүмкін болашақ Қазақстанның негізі қаланады. 10, 20 және 30 жылдан кейін біздің еліміз экономикалық, рухани, мәдени, адамгершілік тұрғыдан алғанда басқа елге айналады», – деп атап өтті ол.

А. Башмаков мемлекеттік бюджетті іске асыру барысында Парламент рөлін күшейту қажет деп санайды.

«Президент Қазақстан азаматтарының белсенді түрде ұсыныстар енгізуін сұраған болатын. Маңызды негізгі бағыттардың бірі – жалпы Парламенттің рөлін және әсіресе Мәжіліс рөлін арттыру. Мен, Парламенттің бұрынғы мүшесі ретінде, Конституцияға күрделі өзгерістер енгізіледі деп ойлаймын. Парламент үшін бақылау функцияларының анағұрлым күшті тетіктері қажет – бюджетті бекітіп қана қоймай, оның іске асырылу барысы мен атқарылуын аралық бақылау. Парламентте толық бақылау функциясы болған жағдайда министрлерді, вице-министрлерді шақырып, қаражаттың іске асырылуы қалай орындалып жатқанын қарауға болады. Парламент қолында бақылау күшейе түседі деп ойлаймын», – деді қауымдастық төрағасы.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика