EXPO-2017

АҚШ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж А. Кролл АҚШ-тың ЭСКПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.
Астана қаласы 24 Ақпан, 17:23

«АҚШ әлемнің жетекші экономикасы және жаһандық энергетика нарығындағы басты қатысушылардың бірі болғандықтан, оның көрмеге қатысуы біз үшін аса маңызды», – деді А. Есімов.

Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мен АҚШ арасында өзара тиімді әріптестік пен жоғары сенім негізінде достық қарым-қатынас қалыптасқан.

«Біз бұл сәтті ұзақ күттік және өте қуаныштымыз. Қазақстан біз үшін өңірдегі стратегиялық әріптес және біз бұл оқиғаға қатыспауымыз мүмкін емес. Бұдан бөлек, ЭКСПО көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы Қазақстан үшін де және АҚШ үшін де маңызды», – деп атап өтті Дж. Кролл.

Айта кету керек, АҚШ – жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Өткен жылы Штаттарда қолданысқа енгізілген күн электр станцияларының қуаттылығы  95% өсіп, 14,5 гигаватт құраған.

Бұдан бөлек, ірі американдық компаниялар «жасыл» технологияларға баса назар аударады. АҚШ жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» технологиялар саласындағы өзінің бай тәжірибесі мен озық әзірлемелерін ұсынбақ. Демеушілік туралы шартқа «Дженерал Электрик» компаниясы қол қойған.





Яндекс.Метрика