Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚР БҒМ ғылыми жобаларды бірлесіп қаржыландыруға қосымша 6 млрд теңге бөлмек

Биыл ғылыми жобаларды бірлесіп қаржыландыруға қосымша 6 млрд теңге бөлінген. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында белгілі болды.
Астана қаласы24 Ақпан , 17:09

Вице-министр Асланбек Амрин ғылымның дамуының басым бағыттары туралы айтып өтті.

«Конкурстардың нәтижелері, онлайн-есептер, жаңалықтар, талқылаулар, байланыс деректері ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылды. Бұл қоғамның толық әрі ашық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жасалды», – деді А. Амрин.

Вице-министрдің айтуы бойынша, отандық ғалымдардың жобаларын қаржыландыру «Ғылым туралы» және «ҒТҚН коммерцияландыру туралы» екі заң аясында жүзеге асырылады. 

«Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі 2016 жылы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Нәтижелі инновацияларды ынталандыру» жобасын іске қосты. Осы жоба аясында 5,4 млрд теңге сомасына 24 жоба таңдалған, оның ішінде 7%-ы – 371 млн теңге бизнес тарапынан тартылған. Ғылым қоры 2016 жылы 5,8 млн теңге сомасына 31 жобаны таңдаған, оның ішінде 8%-ы немесе 485 млн теңге бизнес тарапынан тартылған», – деп қосты А. Амрин.

ҚР БҒМ деректері бойынша, Қазақстан жоба құнының 90%-ын бірлесіп қаржыландырады.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика