ҚР Президентінің Жолдауы

Астанада кәсіпкерлерге МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың механизмдерін түсіндірді

Астанада ҚР Ұлттық экономика Министрлігі мен «Қазақстандық мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» туралы ҚР Заңының тармақтары мен экономиканың жекелеген салаларында МЖӘ жобаларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және МЖӘ үлгілік шартын бекіту қағидаларын түсіндіру тақырыбында жергілікті басқару орган өкілдерімен тармақты семинар өтті.
Астана қаласы 24 Ақпан, 19:17

Қарағанды облысы мен Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері қатысқан бұл жиында төмендегі сауалдар төңірегінде нақты жауап алды.

Сонымен қатар, бизнес өкілдерінің мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу келісімі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы қаржыландырудан бастап, жобаны іске асырудан түскен табысқа дейінгі іс-әрекеттер егжей-тегжейлі талқыланды.Және ең бастысы, әр облыста сараптама қызметінсіз іске асыруға болатын жобалар іріктеліп алынып, оны қалай жүзеге асыратыны, байқау құжаттары, жоба келісімдері түсіндірілді. Бұл тәсіл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының іске асу мерзімін екі есеге қысқартып, тиімді нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізбек.

«Кез келген кәсіпкер үшін нақты іс-әрекет, жоспар керек және оны жүзеге асыру барысы мейілінше оңай болуы тиіс. Біз оны қалыптастырдық, ол қалай жұмыс жасайды соны көзбе-көз отырып түсіндіріп бердік. Семинарда әр қадам, яғни жегілікті басқару орган қызметкерлерінің іс-әрекеті, кәсіпкердің құқығы мен міндеті, қандай жеңілдік қарастырылған, субсидия алу секілді маңызды мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Бүгінгі жиналыс МЖӘ механизмдерінің жеңілдетілген үлгісін енгізудегі  мемлекеттік органдар мен іскер азаматтарға түсіндіру және ауқымды әдістемелік жұмыстардың бастамасы болды. Біз мұндай жиынды еліміздің әр өңірінде ұйымдастырып отыратын боламыз», - деді «Қазақстандық мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығы» АҚ Вице-президенті Айдос Көбетов.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халыққа дәстүрлі Жолдауында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңыздылығын айрықша атап өтті. «Жеке меншік капиталды экономикаға тарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің барлық жолын пайдалану керек. Мәселен, мемлекеттік мүлікті сенімді басқаруға беру, қызмет жасау келісімі т.б. Осы орайда әсіресе шағын жобаларға барынша келісім құжаттарын тез және оңтайлы жасауды ойластырған жөн. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жобалары  әсіресе инфрақұрылымдық  оның ішінде әлеуметтік жобаларды іске асыратын механизмге айналуы тиіс.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» ҚР Заңына Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2015 жылы 31 қазанда қол қойды. «МЖӘ туралы» ҚР Заңының негізгі мақсаты, ортақ игіліктер мен қызметтердің қол тиімділіктері мен сапаларының деңгейін көтеруде, мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту.





Яндекс.Метрика