Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

М.Манкеев: Конституциялық реформаларды талқылау – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық сұхбат (ФОТО)

Конституциялық реформаларды талқылау – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық сұхбат, деді «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалыс Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев ОКҚ-да өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі конституциялық реформа жобасын талқылау барысында.
Астана қаласы 24 Ақпан, 16:37

Кеңес төрағасының айтуы бойынша, ағымдағы жылғы ақпан айында Қозғалыс бірқатар өңірлерде қоғамдық талқылаулар өткізген болатын. Астанадағы қорытынды кездесу ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметімен, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен және «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен бірлесіп өткізілді. Пікірталас оффлайн және онлайн режимінде өтті.

Пікірталас мақсаты – қарама-қайшы көзқарастарды, мүдделерді білдіретін адамдардың қызығушылығына жауап беретін  бәтуаластықты дайындау және талқылау, ақпаратты жинау және талдау үдерісіне тарту үшін заманауи технологияларды, оның ішінде сарапшылармен жұмыс технологиясы және краудсорсинг қолдану.

М. Манкеев осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі мемлекеттің коммуникациялық жұмыстарын, халықпен өзара іс-қимылды, тәжірибелерді талқылауды және мемлекеттік басқару саласындағы өзгертулерді жетілдірудің әдістерін үздіксіз іздеуден шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Біз өңірлерде болдық, 6 ұсыныс түсті, олар жүйелендіруден кейін арнайы топтың қарауына жіберілетін болады. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайларында мемлекеттің одан әрі дамуы мен бейімделуі ел азаматтарының қатысуынсыз өтпеуі тиіс", - деді Мұхтар Манкеев.

Осыған орай, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы  азаматтық қоғам өкілдеріне талдау мен талқылау үшін алаң ұсынды. Алаң конституциялық реформаларға ұсынылған өзгерістердің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау үшін өлшемдер белгілеуге мүмкіндік берді. 

"Мұндай қызмет мемлекет пен қоғам арасында ашық сұхбат жасауға ықпал ететін атмосфера жасауға  ықпал етеді", - деп түйіндеді спикер.





Яндекс.Метрика