Өңірлер

Алматыда жаңғыртудан кейін «Көк базар» ашылды

Алматы қаласында «Көк базар» сауда орталығының ресми ашылуы өтті. Нысан сауда базарларын жаңғырту бағдарламасының шеңберінде пайдалануға енгізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 25 Ақпан, 10:02

Павильонның алаңы шамамен 20 000 шаршы метрді, оның 10 000 шаршы метрін сауда алаңы және 10 000 шаршы метрін – 400 машина орындарына арналған екі белдеулі тұрақ құрайды. Жобаның құны шамамен 2,5 млрд. теңгені құрады, 500-ден астам жұмыс орындары құрылды.

Жаңғыртуды 11 базардың (Олжа, Сәлем, Ақсай-3, Алатау-1, Алатау-2, Еуразия, Юпитер, Довун, Ақжар, Орбита, Қарасу) жүргізгенін атап өтеміз. Сондай-ақ, 5 базар (Қарқара, Мехрениса, Саяхат, Тастақ, Ақ-Бұлақ) жаңғырту жүргізуде және олар сауда орталықтарының құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, 40 базар жаңғыртуды 2022 жылдың аяғына дейін аяқтайды.

Алматы қаласында барлық сауда базарларын жаңғырту мемлекет Басшысының сауданы заманауи үлгіге ауыстыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жүргізілуде.





Яндекс.Метрика