Парламент

ҰЭМ Қазақстан өңірлеріндегі бизнес ахуалды бағалайды

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сенатта өткен парламенттік тыңдаулар барысында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде айтты.
Астана қаласы24 Ақпан , 15:13

Министр  «кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мен  кәсіпкерлік қызметті  жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау  еліміздегі бизнестің қарқындап дамуының кепілі болып табылатынын» атап өтті.

«Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлер мен Астана және Алматы қалаларындағы бизнес ахуалды бағалау жүзеге асырылады. Дамыған елдердің ең үздік стандарттары мен тәжірибелерін енгізе отырып, бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру жалғастырылады» - деп мәлімдеді Сүлейменов.

Оның  айтуынша,  мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» -мен ҰКП бірлесіп, наурыз айының соңына дейін мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін тексеру аяқталады, нәтижелері бойынша оларды қысқарту туралы Үкіметке ұсыныстар енгізілетін болады.

«Өткен жылы рұқсат жүйесін 50 %-ға қысқарту арқылы оңтайландыру бойынша реформа жүргізілді. Осыған қарамастан, рұқсат беру жүйесін жетілдіру мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып кала береді. Бүгінгі таңда рұқсат беру жүйесін реформалау монополиялық және квазимемлекеттік қызметтер салаларындағы шығындарды оңтайландыру мен қысқартуға бағытталады, - деді Министр.

Сүлейменов монополист  кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор беретін рұқсаттарға тексеру жүргізіп, оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленетінін хабарлады.

Одан басқа, Салық заңнамасын жеңілдету бөлігінде жаңа Салық кодексінің шеңберінде салық жүйесінің ашықтығын, салықтық әкімшілендіруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделетін болады. Халықаралық тәжірибені есепке отырып, салық жеңілдіктері мен артықшылықтары оңтайландырылады,  тиімсіз және жұмыс істемейтін жеңілдіктер, сондай-ақ ДСҰ талаптары мен қағидаттарына қайшы келетін жеңілдіктер алып тасталды.

«Ел халқын бизнес секторына тарту үшін шағын және орта бизнес, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тұлғалар үшін салықтық ынталандыру шаралары жүзеге асырылатын болады»,-деп қоса айтты Сүлейменов.

Оның айтуынша, бейінді министрліктер «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдарға түгендеу жүргізді, нәтижесінде жекешелендіруге жататын 103 ұйымның қосымша тізбесі анықталды.  

«Мемлекет қатысатын Заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС) (50%-дан астам) атқара алатын Қызмет түрлерінің айқын Тізбесі қалыптастырылды. Қорытындысы бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын 35 ұйым айқындалды. 1 977 ұйым мемлекет меншігінде қалып, иеліктен шығаруға жатпайды» - деді Сүлейменов.

Ол,  Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау шеңберінде   мемлекеттік меншік объектілері мен жекешелендіруге жататын  квазимемлекеттік сектор активтерін  2018 жылдан кешіктірмей өткізу жоспарланып отырғанын ескертті.




Яндекс.Метрика