Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қостанай облысында Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 4 арнайы жоба жүзеге асырылуда

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қостанай облысында 4 арнайы жоба жүзеге асады, деді Денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенова Қостанайдағы семинар кеңес барысында.
Қостанай24 Ақпан , 18:34

 «Қазіргі уақытта ұсынылған 8 жобаның төртеуі Қостанай облысында жүзеге асырылады деп жоспарланған: «кәсіби бала күтуші», «бос жұмыс орны», «компьютерлік сауаттылыққа оқыту» және «кәсіп», - деп байыптады министр.

Тамара Дүйсенова, Бағдарлама қатысушыларына несие, қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылдарда және шағын қалаларда Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін хабарлады. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өскен (18 млн теңгеге дейін) және мерзімі 5 жылға дейін (мал маруашылығы мен ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін). Жылдық мөлшерлемесі – 6% шамасында. Осымен бірге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетін несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маңайында.    

Осы жылы Бағдарламаны жүзеге асыруға 85,3 млрд теңге бюджет қаржысы қарастырылған.

Министр, еңбек нарығын жаңғыртудағы келесі шара ретінде, жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне ауысуын басқаруды атады.

«Бұл мәселе әлемдік экономиканың даму қарқынында да аңғарылады. Жаңа технологиялардың енгізілуі мен өнімге сұраныстың өзгеруіне байланысты, өндірістің салалық құрылымы басқаша сипатқа енуде. Сонымен қатар, арнайы дайындық өткізу мен босаған жұмысшыларды басқа қызмет түрлеріне бағыттауды қамтитын Жол картасын жүзеге асыруды қамтамасыз еткен жөн», - деп нақтылады Тамара Дүйсенова.




Яндекс.Метрика