Білім беру

Қазақстан балабақшаларында қоғамдық бақылау орнатылады

Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Ерлан Сағадиев Қазақстан балабақшаларында қоғамдық бақылау орнатылатынын айтты.
Астана қаласы24 Ақпан , 13:41

 «Биылғы жылға балабақшаларға  қоғамдық  бақылау орнатуды  жоспарлап отырмыз.  Біз барлық балабақшаларда қамқоршылық кеңес құруды жоспарлап отырмыз, оның құрамына  үкіметтік емес ұйымдар мен  мәслихат өкілдері  енеді. Балабақшада болып жатқан  мәселелердің барлығы  жергілікті  қоғам мен БАҚ-тың қатысуымен  қамқоршылық кеңесте талқыланатын болады. 1 наурызға дейін  қамқоршылық кеңеске қатысатындардың тізімі шығады», - деді Е.Сағадиев.

Министр айтқандай, кеңестің алғашқы отырысы  басталатынды және оған барлығы белсенді қатысуы керек.

«Біз бұл жобаға сенеміз. Балабақшалар директорлары  мен мектеп директорлары бір адаммен сайланбауы керек. Жергілікті қоғам қатысуы керек», - деді БҒМ басшысы.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда балабақшалардағы балалар саны  1000 адамға қысқарды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика