Білім беру

Елде жұмысқа қабілетті халық санын көбейту керек – ҚР БҒМ

Биылғы жылы жоғары білім беру жүйесіндегі білім беру гранттарының саны көбейеді, деп хабарлады білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы24 Ақпан , 12:19

«Гранттар санын бакалаврлар үшін – 31 мыңнан 36 мыңға дейін, магистранттар санын – 7 мыңнан 10 мыңға дейін, докторанттар санын 600-ден 1000-ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Дегенмен, өңір әкімдерінен өңір ерекшелігіне сүйене отырып, жергілікті оқу орындарында оқу үшін өз гранттарын бөлуді сұраймыз», - деді министр.

Осы ретте министрдің айтуы бойынша, еліміздегі жұмысқа қабілетті халық санын көбейту үшін шаралар қабылдау қажет.

«АҚШ, Қытай, Ресей және көптеген басқа да елдер жоғары білімі бар халық үлесі 50 % жетуі тиіс болатын бағдарламаларды қабылдады. Қазақстанда бүгінде ол 36% құрайды, 50% жету үшін бізге тағы бір миллион адам қажет», - деп атап өтті Е. Сағадиев.  

Ведомство басшысының мәліметтері бойынша, жұмысқа қабілетті халықты дамыту үшін оның 68%-ы – адами капиталға, 16%-ы – инфрақұрылымға және 12%-ы шикізатқа байланысты.

«Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру не кірмеуді адами капитал айқындайды. Осы адами капиталдағы жоғары білім – адами капиталдың негізі. Біз жұмыс орындарын ашатын болашақ жұмыс берушіні дайындаймыз», - деп атап өтті спикер.

Айта кету керек, бүгінгі күні республикамызда 130 жоо жұмыс істейді, оның ішінде ұлттық жоо саны 10 жоғарғы оқу орнын құрайды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика