ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР ИДМ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс атқаруда (ФОТО)

ИДМ қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Ведомство бағдарламасының жобасын Үкіметке ағымдағы жылдың мамыр айында енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Ақпан, 11:28

«Министрлік 300 ауылды оптикалық-талшықты байланыс желісімен жабдықтауды жүзеге асыруға көшті, ол  2 млн адамды кең ауқымды интернетпен қамтамасыз етеді. Жобаны   2020 жылға дейін  мемлекеттік жеке меншік  серіктестік аясында жүзеге асыру көзделген», - деді Д.Абаев.

Ол айтып өткендей, «ЭКСПО-2017» аясындағы    нысандардың бірі  көрме аяқталған соң |Т-стартаптардың халықаралық  технопарк құру мақсатында қолданылады.

«Биылғы жылы Ақпарат және коммуникация  министрлігі  мемлекеттік органдармен бірлесіп  мемқызметтерді Мемкорпорацияға  тапсырады.  2017 жылдың  соңына дейін Мемкорпорация арқылы  қызмет көрсету үлесін  85 пайызға жеткізу көзделген», - деді министр.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев биылғы жылдың  1 тоқсанында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету  бойынша пилоттық жобаны енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

«Халықты мемлекеттік қызметпен қамту   үшін  1 тоқсанда   Казпочтаның  ауылдық бөлімшелері арқылы  мемлекеттік қызмет көрсету  жөніндегі  пилоттық жобаны іске қосу  жоспарлануда», - деді Д.Абаев.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика