Халықаралық интеграция

Астана және Ташкент күнделікті автобус және әуе қатынастарын ретке келтірді

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Ташкентке жұмыс сапары барысында Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде24 Ақпан , 11:17

Тараптар сауда-экономикалық байланыстардың барлық спектрі бойынша елдер арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Қазақстан Орталық Азия өңірінде Өзбекстанның ірі стратегиялық сауда әріптесі болып табылады», – деді Президент Ш. Мирзиёев.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А. Мамин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

А. Мамин өзбек әріптестерімен жүйелі негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Агроөнеркәсіп кешені, химия және мұнай-химия өнеркәсібі салаларында бірлескен сауда үйлері ашылып, өзара жеткізілімдер номенклатурасы ұлғайған. Ынтымақтастықтың автомобиль жасау, туризм, мұнай-химия сияқты жаңа салалары айқындалған.

«Бірқатар инфрақұрылымдық жобалар бойынша нақты келісулер бар, соның ішінде автобус және әуе қатынасын ашу. Жуық арада Алматы – Ташкент  жедел теміржол қатынасы іске қосылады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықты реттеу туралы келісушіліктерге қол жеткізілді», – делінген хабарламада.

2016 жылы өзара сауда көлемдері ақшалай көріністе 40% артқан. 2020 жылға дейін осы көрсеткішті 1,6-дан 5 млрд долларға дейін ұлғайту міндеті қойылған.




Яндекс.Метрика