Адами капитал

СҚО-да мүгедектерді оңалтуды қаржыландыру 31 пайызға артты

СҚО-да мүгедектерді оңалтуды қаржыландыру 31 пайызға артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан24 Ақпан , 19:56

Жұмыспен қамту саласын дамыту маңызды басымдықтардың бiрi болып қала бермек. 2016 жылы 23 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 11,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Қолданылған шаралардың нәтижесiнде облыс бойынша жұмыссыздық деңгейi 2016 жылдың үшiншi тоқсанында 4,9 пайызды құрады. Күнкөрiс деңгейi төмен тұрғындар саны 3,3,2 пайызға дейiн төмендедi.

Аз қамтылған азаматтарды «Өрлеу» жобасы арқылы белсендi жұмыс түрiмен тарту мақсатында 211 әлеуметтiк келiсiм жасалып, 228 адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, өткен жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 20 пайызға артып, 25 млрд. теңгеге жеттi.

2016 жылы медициналық ұйымдарды жөндеу мен материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,2 млрд. теңге бөлiндi.

 




Яндекс.Метрика