Адами капитал

ҚК-де инженерлік әскерлер мен РХБ қорғаныс әскерлерінің кіші мамандарын даярлау жүргізілуде (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімдердің оқу-жаттығу бөлімшелерінде инженерлік әскерлер мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің кіші мамандарын даярлау жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 24 Ақпан, 11:53

Осы орайда «Күз-2016» науқанында мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер дайындалатын болады. Сарбаздар БАТ-М-нің (жол төсейтін),  инженерлік қоршау машиналарының, шұңқырларды бітеуге арналған машиналардың, жылдам жүретін ор қазғыш машиналардың механик-жүргізуші мамандығы бойынша үйренеді. Сонымен қатар оқу-жаттығу бөлімшелерінде радиациялық, химиялық және биологиялық, әскери сүзу станцияларын, әскери эксковаторды, арнайы өңдеуді барлау мамандарын даярлайды.

Үйрену кезінде әскери қызметшілер оларға тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану машықтарын кәсіби деңгейде меңгеруі тиіс.

Сабақтарды өткізу кезінде оқу-жаттығу материалдық базасы барынша пайдаланылып, «жайдан күрделігі дейін, білетіннен білмейтінге дейін» қағидасы бойынша әскери қызметшілердің білімі мен дағдыларын жоспарлы және кезеңді түрде келтіру әдістері енгізіліп, қолданылады. Инженерлік және химиялық қамтамасыз етуді орындау жөніндегі штаттық инженерлік техникалар мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері техникаларының мүмкіндіктерін зерделеуге ерекше назар аударылады.

Наурыз айында инженерлік әскерлер мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері кіші мамандарының сабақтары далалық жағдайларда өткізілетін болады, содан кейін меңгерген мамандықтары бойынша әскери қызметшілер әрі қарай қызмет ету үшін Қарулы Күштердің әскерлеріне жіберіледі.

 





Яндекс.Метрика