Евразиялық одақ

Қарағанды облысының Ресеймен өзара сауда айналымы 92,5%-ды құрады

Қарағанды облысының Ресеймен өзара сауда айналымы 92,5%-ды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды24 Ақпан , 18:56

Өткен жылы Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен өзара саудасы 1385,5 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт - 723,5 млн. АҚШдоллары, импорт – 662 млн. АҚШ доллары.

Ресеймен қызу сауда (өзара сауда көлемінің 92,5%) жүргізіледі.

Қарағанды облысы ЕАЭО мемлекеттеріне тегіс прокат (бүкіл экспорттың 63%), сондай-ақ тас көмір, брикеттер,шекемтастар мен тас көмірден алынған сол сияқты қатты отын түрлері ( 11%), кен және цинк концентраттары (5,7%) жеткізіледі.

ЕАЭО мемлекеттерінен облысқа түрлі тауарлар жеткізіледі. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында импорт құрылымында қара металл өнімдері басым, әкелінген тауарлардың жалпы көлемінің 6,4%, тегіс прокат – 5,8%, пластмасса мен одан жасалған өнімдер – 5,5%.

 




Яндекс.Метрика