Өңірлер

Солтүстікқазақстандықтардың орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгi 56 пайызға дейiн өстi

Солтүстікқазақстандықтардың орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгi 56 пайызға дейiн өстi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан24 Ақпан , 10:53

2016 жылдың қорытындысы бойынша «2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде екi елдi мекенде сумен жабдықтау жақсарды, 2 ауылға ауызсу берiлдi. Ауылдардың орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгi 56 пайызға дейiн өстi (2015 жылдың соңында 55,8 пайыз).

Бұл жобаны жүзеге асыру қолданыстағы тозығы жеткен сумен жабдықтау желiлерiн 2020 жылға дейiн 72 пайыздан 60 пайызға дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

««Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017 жылы 683 миллион теңгеге Петропавл қаласында су тарту бойынша 6 жобаны жүзеге асыру басталады», - делінген хабарламада.

2015 жылы жаңарту барысында жылу-электр орталығында құны 5,6 миллиард теңгенiң №1 трубоагрегаты iске қосылды. Аталмыш турбина электр қуатын 63 МВт-ға (479 МВт-ға дейiн) арттырды. Өткен жылы құны тиiсiнше 3,4 және 6,6 миллиард теңге болатын №12 жылыту қазандығы агрегаты және №5 турбиналық агрегатын iске қосу белгiленген қуаттылықты 479-дан 541 МВт-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi.

Жылу желiлерiн жаңарту жобаларын одан әрi жүзеге асыру 2020 жылы құбырлардың тозуын 62 пайызға дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

 




Яндекс.Метрика