Ұлттың денсаулығы

Астана емханалары ұзартылған жұмыс тәртібіне көшуі мүмкін

Астана емханалары ұзартылған жұмыс тәртібіне көшуі мүмкін, деп хабарланды астананың ресми сайтында.
Астана қаласы24 Ақпан , 10:31

Денсаулық сақтау саласында қағаз жеткізгіштерді қысқарту үшін ақпараттандыру тұғырманасы енгізіліп, кейіннен еліміздің әрбір азаматының электрондық денсаулық паспорты енгізілмек.

Алайда, қазіргі уақытта елорданың медициналық мекемелерінде пациенттер туралы жазбалар қағаз түрінде де, электрондық түрде де жүргізілуде.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, проблеманы шешу үшін қазір пилоттық режимде пациенттің бірыңғай электрондық медициналық картасын енгізу жобасы өңделіп жатыр. Жақын арада бұл жүйе Астананың барлық емханаларында енгізілуі тиіс.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін барынша қамтамасыз ету үшін шағын МСАК ұйымдары желісін кеңейтуді және олардың жұмыс істеу кестесін өзгертуді ұсынды.

Бұдан бөлек, халыққа ақпаратты сall-орталықтардың тәуліктік жұмысы арқылы қолжетімді ету ұсынылады.




Яндекс.Метрика