Өңірлер

Алматылық тауар өндірушілерге тауарды экспортқа ілгерілету бойынша тегін қолдау көрсетіледі

Алматылық тауар өндірушілерге тауарды сыртқы нарықтарда ілгерілету бойынша тегін қолдау, шетелдік сапарларға шығындарды өтеу, экспортты ілгерілету мәселелері бойынша оқыту ұсынылады.
Алматы қаласы23 Ақпан , 20:19

Алматы қаласы мен Алматы облысының экспортқа бағдарланған кәсіпорындарымен кеңес барысында «KAZNEX INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Асқар Арынов мәлімдегендей, өндіруші мемлекеттік қолдау алу үшін қазақстандық дайын өнім шығаруы тиіс. Өңірдің ең көп сұранысқа ие өнеркәсіп салаларына бұрынғысынша тамақ, химия және машина жасау салалары жатады.

«Алматы Қазақстанда экспортқа бағдарланған компаниялардың саны бойынша алдыңғы орынды алады. Алдағы уақытта бір апта ішінде өңірдің 40-қа жуық кәсіпорнында болып, кейін сауда миссияларының жол картасын және салалық халықаралық көрмелер күнтізбесін құрастыруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Арынов.

2009-2016 жылдар аралығында өңірдің өндірістік кәсіпорындары 27,8 млн долларға экспорттық келісімшарттар жасаған болатын. 2010-2016 жылдар аралығында сауда миссияларына Алматы қаласы мен Алматы облысының 108 кәсіпорны қатысып, нәтижесінде, 100 млн долларға экспорттық келісімшарттар жасалған. 




Яндекс.Метрика