Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев Тәжікстан Президентін Ислам Ұйымының саммитіне қатысуға шақырды

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 23 Ақпан, 16:57

Кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстанның екіжақты және көпжақты ықпалдастықтығының өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның атына 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін шақыруын табыс етті.

Елбасы  өз шақыртуында  Э. Рахмонның   Саммитке   қатыса алатындығына  үміт білдірді.

Бұдан кейін Елші Министрді Қазақстандағы мемлекеттік билік арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Халыққа үндеу және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау мазмұнымен таныстырды.

Атап айтқанда, алдағы реформалау барысында Мемлекет басшысы өзінің 40-қа жуық өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беретіні аталды. Президент үшін жаңа стратегиялық міндеттер билік бұтақтары арасындағы  рөлді арттыра түседі. Сонымен бірге, Президент сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс саласын қадағалайды. Сондай-ақ, Жолдау аясында Мемлекет басшысы елдің жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа үлгісін жасау міндеттемелерін қойды.

Сұхбат соңында қазақстандық дипломат С. Асловқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазақстан-тәжікстан арасындағы  стратегиялық ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.





Яндекс.Метрика