EXPO-2017

Украина ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы келісімге қол қойды

Украина ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі қатысушыларының 3-ші отырысына арналған баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Астана қаласы 23 Ақпан, 16:38

«Қорытынды жиын  ашық форматта өтті. Пікір алмасу кеңінен ұйымдастырылды. Халықаралық қатысушылардың барлық сұрақтарына тұшымды жауап алынды. Жұмысты бастауға павильондарды ресми түрде тапсыру рәсімі өтті. Бүгінгі таңда біз 94 елге өз павильондарын тапсырдық. Осыған орай, жиын өте тиімді әрі жоғары деңгейде өткенін айтуға болады», - деді ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев.

Ол айтып өткендей, ЭКСПО-2017  шарасына  107 күн қалды. 115 ел мен 18 халықаралық ұйым шараға  қатысатындарын ресми түрде растады.

Жиын аясында Украинамен кезекті келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, комиссарлардың алғашқы жиыны өтті.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты аясында «Аккредиттеу» ақпараттық жүйесі енгізілді, ол үрдісті өту уақытын қысқартады.  Ұлттық секция комиссарлары мен олардың отбасыларына  1374 пәтер ұсынылды. 





Яндекс.Метрика