«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ЕҚДБ ШҚО инфрақұрылымдарынының дамуына екі еседен артық қаржы құяды

Бұл жайында облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдында есеп берген кезде мәлім етті. Биыл ШҚО әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі келісімдердің сомасын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.
Шығыс Қазақстан24 Ақпан , 08:41

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы ЕҚДБ-мен 9 несиелік келісімшартқа және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мақсатында 50 млрд. теңгенің алдын-ала келісіміне қол қойылған болатын.

Бұл - Өскемен мен Семей қалаларын сумен қамтамасыз ету және суды бұруды жаңғырту. Алдын-ала келісімдер 6 жоба бойынша 27,5 млрд. теңгеге бекітілген. Оның ішінде Өскемен қаласының сумен қамту жүйесін жаңартуға 5 млрд. теңге, көшені жарықтандыруға 4,9 млрд. теңге, қоғамдық көлікті жаңалауға 5,1 млрд. теңге, әуежайды жаңғыртуға 5,2 млрд. теңге қарастырылған. Ал Семейде көшедегі жарық жүйесі мен қоғамдық көлікті жаңғыртуға бағытталады.

2017 жылдың аяғында ЕҚҚДБ-мен келісімдердің көлемі 100 млрд. теңгеге дейін артады деп күтілуде. Оның үстіне,  «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан 2016-2017 жылдарға бөлінетін қаражат 28 млрд. теңгені құрайды. Сонда бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен қарастырылған қаржыдан 4 есе көп қаражат тартылатын болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі бағыттарының аясында Азиялық және Еуропалық даму банктерімен барлығы 242 млрд. теңгенің 131 жобасы жасалған.




Яндекс.Метрика