EXPO-2017

В.Лоссерталес Астанадағы ЭКСПО көрмесіне дайындықты жоғары бағалады (ФОТО)

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астанада ЭКСПО-ға салынып жатқан нысандардан әсер алғанын жеткізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Астана қаласы 23 Ақпан, 15:52

«ЭКСПО ұйымдастыруына жауапты адамдардың  жауапкершілігі  ұнады. Комиссарлар мен олардың отбасыларына дайындалған пәтерлер маған ұнады.  Коммуникациялар мен  қолайлы жағдай,  безендіру, қызмет көрсетудің сапасы  жоғарғы деңгейде. Ең бастысы – аталмыш үйлер көрме алаңынан алыс емес», - деді спикер.

Висенте Лоссерталес айтып өткендей,  «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі соңғы 25 жылдағы үздік шара болады.

«Біз нысандарды араладық, инновациялық инфрақұрылым ғана емес, павильондардың сапасы  мен нысандарға тиесілі  мәдениет те барлық стандартқа сай болып отыр. Меніңше, бұл ЭКСПО-дағы 25 жылдық жұмысымдағы ең үздік жоба», - деді ол.

Халықаралық көрмелер бюросының  бас хатшысы  ЭКСПО-2017-ге дайындықтың жоғары деңгейін атап өтті.

«ЭКСПО-2017- ортақ жоба. Оның бюджеті өзгеріп отыруы керек. Көрмені өткізудің сапасы – жауапкершілік мәселесі. Тиімділік – көрме бағдарламасының сапасына әсер етпесе құптарлық жағдай. Бюджетті үнемдеу – салық төлеушілерге үлкен көмек, ол мемлекеттің  қаржыны дұрыс жұмсап жатқанын көрсетті», - деді В.Лоссерталес.

 





Яндекс.Метрика