«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақмола облысында 2 млрд теңгеге кәріздік тазарту құрылыстары салынбақ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысы Жарқайың ауданының Державинск қаласында 2 млрд теңге сомаға тазарту құрылыстары бар кәріздік желілерді салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ақмола23 Ақпан , 19:27

Тазарту құрылыстары бар кәріздік желілерді салу қалалық инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны тазартылмаған кәріздік ағыстардан және жер асты суларына өтуінен қорғау, қаладағы экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар болып табылады.

Барлық тазарту жүйесі кері байланыстары бар айтарлықтай күрделі технологиялық процесс және заманауи бақылағыштар мен қадағалардың негізінде салынған технологиялық бақылау жүйесімен басқарылады.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Жарқайың ауданының тұрғын үй-коммуналдық секторына – 215 млн теңге, соның ішінде жылумен жабдықтау кәсіпорнының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін 17 млн теңге инвестицияланды. 800 метр жылумен жабдықтау желісі жаңартылды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, азаматтардың тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган Державинск қаласында 12 көппәтерлі тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды орталық жылуға қосу бойынша төрт жоба іске асырылған. Қала орталығында 46 үйді орталық жылу көзіне кезең-кезеңмен қосу жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика