Инфрақұрылымның дамуы

Астаналықтарға аялдамалардың жаңа дизайнын жасау ұсынылды

Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы елорданың қоғамдық көліктерінің аялдама пункттері үшін жабық типті павильондардың сипаты мен дизайн көрінісіне ашық байқау жариялайды.
Астана қаласы23 Ақпан , 18:49

Астана әкімдігі хабарлағандай,  байқауға осыған ұқсас объектілерді жобалау мен дизайнында тәжірбиесі бар барлық заңды және физикалық тұлғалар жіберіледі.

Жылдың кез келген мезгілінде бағдарлық көліктің күту пункттерінде жолаушылар үшін қолайлы орта жасау мақсатында экологиялық таза материалдар мен өнідірістер, қайта қалпына келтірілетін энергия көздері, қоршаған ортаның басымдылықтарын барынша қолдану сияқты ең алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы жобалаудың тұрақты даму қағидасына негізделген көлік инфрақұрылымы сапасының, әсемдігінің және функциональдығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету байқаудың негізгі міндеті болып табылады.

Павильон түпнұсқасының техникалық және функциональдық сипатын таңдау және ұсынылатын шешімдердің ең толық тұжырымдамасын алу байқаудың мақсаты болып табылады. Тұжырымдама павильон құрастырылымының, өрнек пен дизайн элементтерінің функциональдық және техникалық сипатын, техникалық жабдықтар элекменттерінің біріктірілуін көрсетуі тиіс.

Ұсынылған дизайнерлік шешімнің жобалық шешімі, дизайны және әсемдік безендірілуі Астана қаласы орналасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, қаланың көлік жүйесінің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына сәйкес функционалдық талаптарын қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ қоса берілген Техникалық тапсырмаға сәйкес келуі тиіс.

Болашақта функционалдық сипаттарының ұлғаюы және өзегеру мүмкіндігін ескере отырып, павильонның құрастырылым ауданының ұлғаюына, сондай-ақ орын ауыстыруына мүмкіндік беретін модулді болуы тиіс.

Дизайынның стилистикасы қаланың көлік жүйесінің дамуына және тұрғындарға көрсетілетін қызметті ұлғайтуға сәйкес болашақта қосымша өзгерістер мен жақсартуларды іске асыру мүмкіндіктерімен тұжырымдаманың барлық бөлшектері мен жасақтамаларында жалпы дизайнерлік желіні сақатуы тиіс.

Пайдаланудың қарапайымдылығы, қол жетімділігі, жүргіншінің/жолаушының қауіпсіздігі, қолайлылығы, модулдік және қызмет көрсетудің қарапайымдылығы жабық типті павильонды әзірлеу үшін негізгі функциональдық қағидалар болуы тиіс.

Павильон алыс қашықтықтан белгілі болуы, аялдама пунктінің атауы дизайнға біріктірілуі тиіс, бағдарлар нөмірінің белгіленуі қажет болған жағдайда қосылуы және өзгертілуі мүмкін. Павильонның барлық элементтерінің орналасуы мен интерфейсі стандартталған болуы тиіс.

Құрастырудың қарапайымдылығы және қызмет көрсету павильон дизайнының және материалдарды таңдаудың негізгі факторлары болуы тиіс. Павильондардың типтік орналастырылуы жолаушылар ағынының ерекшеліктерін ескере отырып симметриялы, мүгедектер арбасында отырған адамның пайдалануы үшін қол жетімді болуы тиіс. Жүйенің жарықтандырылуы мен интерфейсі дизайнға біріктірілуі тиіс және қызмет көрсету үшін оңай қол жетімді болуы тиіс. Материалдар, құрастырылымдар мен өрнектер – берік және максималді бұзуға төзімді, қызмет көрсетуді аз талап ететін. Құрастырылмның барлық жапсарлары, бұрандамалары мен бұрандалары жабық болуы тиіс. Павильонды орнатуға арналған жасақтамалы бөлшектер жаппай өндіру мүмкіндіктерін ескере отырып бірыңғайланған болуы тиіс.

Таңдау және бекіту нәтижелері бойынша, жабық типті павильонның таңдалған тұжырымдамасы павильон түпнұсқасын өндірудің және әзірлеудің кейінгі жоспары үшін, содан кейін оларды Астана қаласының бағдарлық желісінде орнату бойынша мемлекеттік-жеке әріптестіктің көмегімен сериялық өндірудің негізі болады.

Жоба сынамалық түпнұсқадан сериялық өндіруге дейін дамитын болғандықтан, соңғы нұсқада бағдарламалар мен техникалық бөлшектер өзгеруі мүмкін.

Берілетін құжаттама өлшемдері көрсетілген дизайн-тұжырымдама мен сызбалардан, әр түрлі қырының 3Д-түрінен, жасақтамалы элементтердің, материалдар мен жүйелер сипаттарының техникалық сипаттамасынан тұруы тиіс.

 




Яндекс.Метрика