Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Халықаралық ұйымдармен қарыз туралы келісімдерге қол қою мерзімі екі есе қысқартылады

Халықаралық ұйымдармен қарыз туралы келісімдерге қол қою мерзімі екі есе қысқартылады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомствоның алқа отырысында хабарлады.
Астана қаласы23 Ақпан , 14:51

«Биылғы жылы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, автомобиль жолдарын қайта құру, ауыл шаруашылығы және муниципалдық инфрақұрылымды жаңғырту,сондай-ақ ШОБ қолдауға несие желілерін тарту сияқты бағыттар бойынша 1,5 млрд АҚШ долларынан астам сомаға 21 жобаны іске асырудың басталуы күтілуде», - деді Т. Сүлейменов.

Оның айтуы бойынша, жобаларды іске асырудың басталуын жылдамдату үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы келісімдерге қол қою үшін ішкі мемлекеттік рәсімдердің қазіргі уақытта 10-12 айды құрайтын мерзімін 5-6 айға дейін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Сондай-ақ, ынтымақтастықты тереңдету және әр түрлі салаларда ЭЫДҰ стандарттарын енгізу үшін бүгінде ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру бойынша жол картасын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Айта кету керек, алқа отырысында биылғы жылы ЭЫДҰ тарихында алғаш рет Алматы қаласында ЭЫДҰ Еуразия Аптасын өткізу жоспарланғаны туралы белгілі болды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика