Басқару

Жаңа Кедендік кодекс әзірленеді – Тимур Сүлейменов

Биыл жаңа Кедендік кодекс әзірленетін болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүйлейменов министрліктің алқа отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы23 Ақпан , 13:02

« Ұлттық кедендік  заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың  Кедендік заңнамасына сәйкестендіру мақсатында  жаңа Ұлттық Кедендік кодекс әзірленеді.  Біз ЕуразАЕҚ кедендік  кодексінің нормаларын  қолданып,  қосымша нормаларды енгіземіз», - деді Тимур Сүлейменов.

Министр,  өткен жылдың  26 желтоқсанында  Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңес  Еуразиялық экономикалық одақтың  кедендік кодекс туралы  келісім шартынан шыққандығын айтты.  

«Жұмыс үш жыл бойы  белсенді бизнес-қауымдастықты тарту бойынша  жүргізілді. Кедендік кодекс   қажетті жаңашылдықтарды енгізеді,  ол транзиттік әлеуетті жеңілдетіп,  елдің сауда  байланысын дамытады», - деді ведомство басшысы.

Ақбота Күзекбай  




Яндекс.Метрика