Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2016 жылы инфляция 8,5% құрады - Тимур Сүлейменов

Бағалардың өсуін ұстап тұру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде инфляция бір жыл бұрын болған 13,6-ға қарсы 2016 жыл қорытындылары бойынша 8,5% құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Астана қаласы23 Ақпан , 12:34

Министрдің айтуы бойынша, жұмыссыздық деңгейі 5% құрады. Экономикалық белсенділікті жақсартудың негізгі факторлары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және дағдарысқа қарсы жоспар аясында экономиканы қолдау болды.

«Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік саясат бірқатар қазыналық шектеулердің негізінде қалыптасты, олардың негізгісі бюджет тапшылығының мөлшерін басқару болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Мемлекет басшысы Ұлттық қор қаражатын пайдалануды қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасы бекітілген болатын, онда 2020 жылға дейін Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшерінің қазіргі 2,880 млрд теңгеден 2 мың млрд теңгеге дейін едәуір төмендеуі көзделген. Осылайша, біздің экономикалық шешімдерімізде бюджет кірістеріне сүйенуге тура келеді, сәйкесінше, экономикалық белсенділікті кеңейту, салық базасын кеңейту талап етіледі. Бұл – кейінгі жылдарға арналған басты міндеттердің бірі», - деді министр.

Қаржылай қолдау шараларынан басқа, бизнес-климатты жақсарту, бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар қабылданған.

 «Экономиканы қолдауға 1,7 трлн теңге бағытталды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 739 млрд теңге бөлініп, 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», - деп атап өтті  ведомство басшысы.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика