Үкімет

Қазақстанда электрондық денсаулық төлқұжаты пайда болады (ФОТО)

Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, атап айтсақ, бұл бірыңғай интеграциялық платформаны құру, осы әрбір азаматта электрондық денсаулық төлқұжаты болады. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Астана қаласы 23 Ақпан, 12:16

«Денсаулық сақтауды  жаңғырту мақсатында, уақыт пен шығынды қысқарту негізінде  жаңа ақпараттық технологияларға көшу қарастырылған. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда  медициналық ұйымның көп бөлігі  электрондық  форматқа көшкен жоқ. Осыған орай,  бірқатар  инвестициялық  жобаларды жүзеге асырылуда, атап айтсақ, бұл бірыңғай  интеграциялық  платформаны  құру, әрбір азаматта   денсаулықтың  электрондық  төлқұжаты  болуы керек», - деді Е.Біртанов.

Министр айтып өткендей, электрондық  денсаулық  төлқұжаты  2018 жылы іске қосылады.

«Келесі жылдан бастап  барлық тіркеулер электрондық төлқұжатта сақталатын болады.  Әрбір азамат өзінің жеке кабинетіне ие болады, медициналық қызмекерде де өзіне тән жеке кабинеті болады. Бұл барлық  мемлекеттік  және жеке клиникаларға  корпоративтік  ақпараттық  жүйе мен  бір терезе ұстанымы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деді Е.Біртанов.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика