Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

СҚО-ның машина жасау саласындағы өнім көлемі 32 млрд теңгені құрады

СҚО-ның машина жасау саласындағы өнім көлемі 32 млрд теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан23 Ақпан , 19:43

Жетекшi машина жасау кәсiпорындары тұрақты өсу серпiнiн көрсеттi. Өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң артуына өнiм шығаруды 1,7 есеге көбейткен «ЗИКСТО» акционерлiк қоғамы елеулi үлес қосты.

Ол Үкiметтiң қолдауы негiзiнде «Қазақстан Темiр Жолы» ұлттық компаниясымен жасалған 15 млрд. теңгенiң келiсiмшартының арқасында мүмкiн болды.

Өнiм шығару «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-да — 8 пайызға, «Казнефтегазмаш» АҚ-да — 43 пайызға, «Көпбейiндi жабдықтар зауыты» ЖШС-iнде — 29,3 пайызға, «Поиск» ВФ» ЖШС-iнде 5,4 пайызға артқаны байқалды.

 




Яндекс.Метрика