Өңірлер

СҚО жыл сайын 20 мың бастан астам ірі қара сатып алады

Саланың үлесiне өңiрлiк жалпы өнiмнiң ширек бөлiгi тиесiлi. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi 1,8 пайызға өстi және 416,7 млрд. теңгенi құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан23 Ақпан , 13:49

2016 жылы облыс диқандары гектар берекелiгiн орташа есеппен 17,2 центнерге жеткiзiп, 5,5 миллион тонна астық жинады.

Жыл сайын бiз алыс және жақын шетелдерге 1,5 млн. тонна сапалы солтүстiкқазақстандық астықты, 250 мың тонна ұнды, 150 мың тонна майлы дақылдардың тұқымын экспортқа шығарамыз.

2016 жылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне демеуқаржы үшiн бюджеттен 31,0 млрд. астам қаржы бөлiндi, бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,8 есе көп.

Облыстың агроқұрылымдары жыл сайын мал шаруашылығы үшiн 20 мың бастан астам iрi қара сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және тамақ өнеркәсiбi картасы шеңберiнде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк беретiн сомасы 191 млрд. теңгеден асатын 64 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. 2016 жылы сомасы 7,8 млрд. теңге болатын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 270 жұмыс орны ашылды.

 




Яндекс.Метрика