Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ШҚО-да биыл 360 шақырымнан астам жол жөнделеді

Биыл да бірінші кезекте өңірдегі облыстық және республикалық жолдарды жөндеуге басымдық берілмек, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан23 Ақпан , 15:36

Былтырғыдай, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары алдымен орта жөндеуге бағытталады. Жалпы алғанда, бүгінде облысымыздағы жолдардың 76,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

« 2016 жылы жалпы ұзақтығы 389 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына асфальт төселген, оның 221 шақырымы – облыстық маңыздағы жолдар. Әсіресе, жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдардың қалпына келтірілуі тұрғындар үшін жақсы жаңалық болғаны рас. Оның ішінде Алакөл көліне апаратын, сондай-ақ, Өскемен қаласынан «Нұртау» шаңғы базасына дейінгі жолдар, сонымен қатар, Күршім-Қалжыр, Өскемен-Тарғын-Самар, Бородулиха-Шемонайха бағыттарындағы трассалар жөндеуден өтті. Бұған қоса, Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылы аралығындағы 78 шақырымды құрайтын жол учаскесінде және Сібе көлдеріне апаратын тас жолда орта жөндеу жүргізілді», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика