Инвестициялар

СҚО әкімі: Инвесторлар көп қызығушылық танытатын сала - АӨК

Инвесторлар көп қызығушылық танытатын сала - АӨК, деді СҚО әкімі Ерік Сұлтанов халық алдында берген есебінде.
Солтүстік Қазақстан23 Ақпан , 11:34

2016 жылы облыс экономикасына 165,7 млрд. теңге инвестиция тартылды.

«Былтыр Астана қаласында 33 дипломатиялық миссияның жетекшiлерiмен бизнесланч өткiздiк. Осы кездесудiң нәтижесiнде Эстонияның, Германияның, Малайзияның, Швецияның, Қытайдың, Ресейдiң және басқа да елдердiң iскер топтарының өкiлдерi облысымызға iссапармен келiп, ынтымақтастықтың мүмкiн бағыттарын талқылады. Жекелеген бағыттар бойынша қазiрдiң өзiнде бiрлескен жобалар жүзеге асырылуда», - деді облыс әкімі.

Инвесторлар үшiн негiзгi қызығушылық агроөнеркәсiптiк кешен мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау салалары болып табылады.

Саланың үлесiне өңiрлiк жалпы өнiмнiң ширек бөлiгi тиесiлi. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi 1,8 пайызға өстi және 416,7 млрд. теңгенi құрады.

2016 жылы облыс диқандары гектар берекелiгiн орташа есеппен 17,2 центнерге жеткiзiп, 5,5 миллион тонна астық жинады.

Жыл сайын бiз алыс және жақын шетелдерге 1,5 млн. тонна сапалы солтүстiкқазақстандық астықты, 250 мың тонна ұнды, 150 мың тонна майлы дақылдардың тұқымын экспортқа шығарамыз.

2016 жылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне демеуқаржы үшiн бюджеттен 31,0 млрд. астам қаржы бөлiндi, бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,8 есе көп.

 




Яндекс.Метрика