Энергетика

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2017 жылы 77 млн теңгеге 5 жобаны жүзеге асырады

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2017 жылы 77 млн теңгеге 5 жобаны жүзеге асырады, деп хабарлады «Самұрық-қазына» АҚ.
Атырау23 Ақпан , 10:14

Бағдарлама бойынша 2016 жылы мұнай өңдеу зауыттары мен жанар-май станцияларының, және корпоративтік орталық қызметкерлері оқу оқып, нәтижесінде 23 жоба мақұлданды. Бұл жобаларды іске асырудан түсетін экономикалық пайда «ҚМГ – өңдеу және маркетинг» компаниялар тобы бойынша 2017 жылы шамамен  350 млн теңгені құрайды. Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 2017 жылы 5 жоба іске асырылып жатыр, алдын-ала есеп бойынша олардан түсетін пайда 77 млн теңгені құрамақ.

Осы уақыт аралығында барлығы 30 мың үдерісті қайта қарап, ұлттық компаниялардағы басқару сатыларын 9-дан 4-5-ке дейін қысқарттық. Бұл функциялардың қайталануы, артық есептер мен ескірген ережерлер сияқты керексіз қызметті қысқартуға жол ашты. Өндіріс орындарында трансформация бағдарламасы алғашқы экономикалық пайдасын бере бастады. Мысалы, АМӨЗ-де бизнес-үдерістердің реинжинирингі еңбек өнімділігін 50%-ға арттыруға көмектесті.

Бұған қоса, АМӨЗ-де өндірістік үдерістерді басқару жүйесі (MES) енгізілген. Автоматтандырылған заманауи жүйе өндірістік үдерістерді тиімді басқаруға көмектеседі. Жүйе мұнай өнімдерін өлшеу және материалдар қозғалысы туралы мәліметтерді сараптау үдерісіне адами фактордың ықпалын мейлінше азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, өндірістік ақпараттың дәлдігі жоғарылап, неғұрлым тиімді шешімдер қабылданады.

Өмірзақ Шөкеев АМӨЗ модернизациясының іске асу барысымен танысты. Қазіргі күні модернизацияның екінші кезеңі аяқталды, оның аясында жанар-жағармайдың жоғарғы октанды құрамдас бөліктері, және жылына 133 000 тонна бензол мен 496 000 тонна параксилол өндіретін кешен салынды.

АМӨЗ модернизациясының үшінші кезеңінде моторлық жанармай өндірісінің көлемін арттыратын мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы аяқталуда. Өндірілетін жанармай Кедендік одақтың Техникалық регламентіндегі талаптарға сай К4, К5 экологиялық санаттарына жататын болады. Құрылыстың аяқталуы және іске қосу жұмыстары 2017 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика