Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Е.Нұрпейісов Конституциялық реформа жайында: Президент бұқараның қалауын меңгерген

Мемлекеттік тарих институтының ғылыми аға қызметкері Еркеш Нұрпейісов елдегі конституциялық реформаларға қатысты өзінің пікірін білдірді.
Астана қаласы22 Ақпан , 19:01

«Президент билік өкілеттігін  бөлу жөнінде  біздің бостандығымыздың құқығын нақтылады.  Әрбір қазақстандық  өзінің пікірін білдіре алады.  Оның барлығы  жұмыс комиссиясымен  қаралатын болады», - деді Еркеш Нұрпейісов.

Оның айтуынша,  сөз бостандығын дұрыс түсіну керек.

Еркеш Нұрпейісов БАҚ-қа  конституциялық реформа туралы ақпаратты дұрыс жеткізуді сұрады.

«Реформалар – қажет дүние. Президент бұл бастаманы өзі ұсынғаннан кейін, бұқара халық оны қолдады. Себебі, Елбасы елдің қалауын жетік меңгерген. Егер бұл бастама айтарлықтай талқылауға ұшырамаса оның қажеттігінің деңгейі де шамалы болар еді», - деді ол.

Заңгер айтып өткендей, билік тармақтары арасында өкілеттілікті бөлу бастамасы барлық мекемелерде қызу талқылануда.

«Барлық өзгертулердің  жобасы  пікірталас жүргізуге ұсынылды. Бұл құжаттың құндылығы сонда болып отыр. Мазмұнына байланысты пікірлер сан-саққа жүгіруі мүмкін. Бірақ, Президенттің Үндеуін мұқият оқысаңыз ешбір тармақ бойынша нақты шешім қабылданбаған. Елбасы өзінің пікірін ұсынып отырған жоқ. Ол  халыққа тек бағыт көрсетіп отыр. Ол бойынша қоғам өзінің ұсынысын беруі керек», - деді спикер.

Ақбота Күзекбай   




Яндекс.Метрика