Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

Әрбір этнос өзінің тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтауы тиіс-армян диаспорасының өкілі

«Әрбір этнос өзінің тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауы керек», дейді Петропавлдағы «Кентрон» армян этно-мәдени орталығы төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Светлана Малхасян.
Солтүстік Қазақстан19 Желтоксан , 00:00

«Этникалық, мәдени, діни сан алуандығымызға қарамастан біз бейбітшілігіміз бен саяси тұрақтылығымызды берік сақтап келеміз. Қазақстан 140 этнос өкілдері мен 17 конфессия өкілдері тату-тәтті тұрып жатқан қара шаңырақ. Бейбітшілігіміз бен ұлтаралық келісіміміз - біздің басты құндылығымыз. Бейбітшілік пен келісім, мәдениеттер мен діндердің тоғысуының ұйытқысы болған Қазақстан халықтары ассамблеясын әлем мойындады. Қазақстан жаһандық конфессия аралық диалог орталығына айналды, деген Президенттің сөзі мені аса толғантты», деді Светлана Малхасян.


«Мен Қазақстанда ұзақ жылдан бері тұрып келемін, көптеген ұлттар өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті, бір-біріне құрметпен, сыйластықпен тұрып жатқанынын мақтан тұтамын», деді Светлана Малхасян.

«Өзім жастар арасында тәрбие жұмысымен айналысатындықтан Жолдаудың осы бағытына аса назар аудардым. Елбасының біздің жетістігіміз бұл сіздердің ата-аналарыңыздың, туған-туыстарыңыздың, отбасыларыңыз бен отандастарымыздың, Отанымыздың жетістігі, бұл еліміздің болашағының қамы деген сөздері көңіліме медеу болды», деді армян диаспорасының өкілі.




Яндекс.Метрика