Инфрақұрылымның дамуы

Жамбылдықтар үшін 325 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Аймақ тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі, деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев халық алдында кездесуінде.
Жамбыл23 Ақпан , 09:13

«Тұрғын үй құрылысы үлкен қарқынмен дамуда. Аймақта  құрылыс жұмыстары  4,2 пайызға өсті.  Бұл салаға құйылған инвестиция көлемі  32 пайызға өсті», - деді әкім.

«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша  318 мың  шаршы метр тұрғын үй құрылысы  салынды.

«Сондай-ақ, кезекте тұрғандар үшін екі үй және Тұрғын үй  Құрылыс жинақ банкі  бойынша тағы бір үй берілді. Қоныс тойын  415 отбасы тойлады. Тағы  325 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, К.Көкрекбаевтың  айтуынша,  ТКШ жаңғырту  бағдарламасы  тозығы жеткен көпқабатты үйлердің  жағдайын жақсартты. Бағдарлама басында  жөндеуді  610 үй қажет етсе, қазір  218 үй жөнделді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша  2020 жылға дейін  Жаңатас пен Қаратау  қалаларында  өткен жылы су құбыры мен  тұрғын үйлерді жаңғырту  жобасы  598 млн теңгеге жүзеге асырылды.

 




Яндекс.Метрика