EXPO-2017

Астана мен Дубай ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс тобын құрады

«Астана ЭКСПО-2017» мен «ЭКСПО-2020 Дубай» Бюросы Астананың көрмені өткізу тәжірибесін дубайға беру және көрмені ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс тобын құрды.
Астана қаласы22 Ақпан , 19:58

Ұлттық компания  хабарлағандай, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық қатысушыларының үшінші жиыны аясында  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы  Германияның ұлттық секция комиссары Дитмар Шмитц, Францияның Паскаль Лор, Литваның Ромас, Янкаускаспен   екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, Люксембургтың Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Клод Кнебелрмен кездесу өтті.

Германия, Франция, Литва комиссарларымен  Ахметжан Есімов  павильондардың құрамы мен көрме аясында жедел қызмет туралы әңгімелесті.

Люксембургтың Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Клодом Кнебелермен көрмеге қатысу туралы келісім шарт орнатылды. Әңгімелесу барысында  Люксембургтың  ұлттық Комиссарын  тағайындау мен  павильондағы құрылыс-монтаж жұмыстарын  талқыланды.

Сондай-ақ, «ЭКСПО-2020 Дубай»  Бюросының директоры Саймон Клегпен кездесу өтті. Қорытынды бойынша тараптар «Астана ЭКСПО-2017» мен «ЭКСПО-2020 Дубай»  Бюросы Астананың  көрмені өткізу тәжірибесін дубайға беру  және көрмені ұйымдастыру  бойынша бірлескен жұмыс тобын құрды. 




Яндекс.Метрика