Энергетика

Д.Ахметов: Ақтоғай ТБК - әлемдік деңгейдегі ірі комбинаттың бірі

Есепті кездесуде облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстандағы аса маңызды өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру қалай жүріп жатқандығын айтып берді.
Шығыс Қазақстан22 Ақпан , 19:46

Аймақта әлемдік деңгейдегі ірі комбинаттың бірі – Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Өткен жылы ғана кәсіпорында кен өндіру бес есе артып, 16 млн тоннадан асты. 18 мың тонна катодты мыс өндірілді. Бірінші мыс концентраты ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шығарылады деп күтілуде.

Жаңа технологияларды қолдана отырып Бақыршық тау-кен байыту комбинатының алтын кен орнын дайындау жүргізілуде, тартылған инвестиция көлемі -129 млрд. теңге. 2019 жылы жоба толық қуатына енеді.

Толық циклді автозауыттың және автобөлшектерді өндіру бойынша технопарктің құрылысы жалғасуда. Аталмыш кәсіпорын тұрғындардың ішкі сұранысын қанағаттандыруға жұмыс істемек.

2015 жылдан Зырян ауданында қуаты 24,9 МВт болатын Тұрғысын СЭС құрылысы жүргізілуде. 2017 жылы Ұлан ауданында қуаты 24 МВт болатын Тайынты жел электрстансасының құрылысы басталады. Аталған жобаларды жүзеге асыру 2018 жылы электр энергиясын өндіруді 48,9 млн кВт сағатқа арттыруға мүмкіндік бермек(2016 жылда жасыл электр энергияның үлесі – 55 млн. кВтсағатты құрады).

 




Яндекс.Метрика