Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2017 жылы 30 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылады

2016 жылы жұмыспен қамтудың кешенді жоспарымен 29,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2017 жылы тағы 31 мың адамды жұмыспен қамту жоспарда бар, деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдында берген есебінде.
Ақтөбе22 Ақпан , 20:28

««Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы 9,3 млрд. теңге бөлініп, 13,4 мың адам жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 5 есе артық (2015 жылы 1,6 млрд. теңге бөлініп, 2,5 мың адам еңбекпен қамтылған болатын)», - деді Б.Сапарбаев.  

Қолданылған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 4,8% (ҚР — 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,4% асырмауға мүмкіндік болды.

2017 жылы 4,9 млрд. теңге бөлініп, нәтижелі жұмыспен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бастау алмақ, осыған орай 6663 адамды қамтып, 2000 астам адамды оқыту жоспарлануда. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыс орталығы мен 12 аудан қамтылды.

«3900-ден астам іс-шаралар өткізіліп, 215 мың адам қамтылды, 11,2 мың тұлғаға көмек көрсетілді. Құқық қорғау, арнайы, қадағалау органдарының, сот жүйесінің басшыларымен бірге облыстың барлық аудандарына іс сапарлар ұйымдастырылып,  елді мекендерде 9 мыңнан астам  халықпен кездесулер өтті», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика