Энерготиімділік

Жамбыл облысының елді мекендері 55,5% газбен қамтамасыз етілген (ФОТО)

Жамбыл облысы елді мекендерінің табиғи газбен қамтамасыз етілуі 55,5%-ға жетті, деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев халықпен есеп беру кездесуі барысында.
Жамбыл 22 Ақпан, 19:16

«Мұнда «Жарқұм» кен орны маңызды рөл атқарды, оның енгізілуімен өткен жылы «Амангелді газ кен орны» ЖШС жалпы өндіру көлемі жылына 352 млн текше метрді құрады», - деп атап өтті К. Көкірекбаев.

Биылғы жылы Тараз қаласының Шолдала тұрғын үй алабына газ құбырын өткізу, Т. Рысқұлов ауданында Ақыртөбе газ реттегіш станциясының құрылысы, облыстың бес ауданының (Талас, Сарысу, Байзақ, Шу, Жамбыл) 64 елді мекенін газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталатыны атап өтілді.

«Мерке ауданында «Алтынарық – Беларық» және «Кеңес – Ақермен» төрт елді мекеніне ұзақтығы 26,5 км газ құбырын өткізу аяқталды. Тараз қаласының газбен жабдықтау желілерін жаңғырту бағдарламасы бойынша өткен жылы 79 км газ құбырын жер асты газ құбырларына ауыстыру жүргізілді», - деп хабарлады әкім.

Бүгінде облыстың екі ауданы газдандырылмаған. Осыған орай, ОҚО Созақ ауданының Шаян ауылынан бастап «Еврохим-тыңайтқыштар» ЖШС химиялық кешеніне, Жаңатас қаласы мен Сарысу ауданының бірқатар елді мекендеріне дейін магистралды газ құбырын салу жоспарлануда.  

Сондай-ақ, өңір басшысының айтуы бойынша, Жуалы ауданының Қошқарата ауылына дейін 15 елді мекенге газ құбырын өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, облыстың елді мекендерін жыл соңына дейін қамту 60% құрайды. 





Яндекс.Метрика