Өңірлер

Ақтөбе облысы өзін-өзі жеке азық-түлікпен 60% қамтып отыр

Ақтөбе облысы өзін-өзі жеке азық-түлікпен 60% қамтып отыр, деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдында берген есебінде.
Ақтөбе22 Ақпан , 18:53

«Өңірде инвестиция көлемі 28 млрд теңге болатын МЖС 38 жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда, атап айтқанда: түрік инвесторларымен бірлесе салынатын құны 5,5 млрд. теңге құрайтын қалалық жедел-жәрдем бекеті, 2,9 млрд. теңгеге офтальмологиялық аурухана, 616 млн. теңгеге стоматологиялық емхана, 3,5 млрд. теңгеге Мұз сарайы салынады. 2017 жылы 23 мектептің, 65 бала бақшаның құрылысы басталады деп күтілуде», - деді Б.Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев облыстың 2016 жылы 2,5 млрд. АҚШ долларының өнімін сыртқа шығарғанын жеткізді. 2017 жылы экспортты 12%-ға өсіру жоспарлануда. Облыс өзін-өзі жеке азық-түлікпен 60% қамтып отыр, 1310 жеке қожалық бірігіп, 107 ауылшаруашылық кооперативі құрылды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, өңір басшылығы Еуропа қайта құрылымдау және даму банкі және Ислам даму банкі — халықаралық қаржы институттарымен 19,5 мың гектар суармалы жерлерді және 12,7 млрд. теңгеге 25 мың гектар көлдетіп суаратын жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өңіраралық кооперация асында 4,3 млрд. теңгеге 21 мың тонна өнім әкелінді (2017 жылы 5,4 млрд. теңгеге жоспарлануда), сонымен қатар, облыстан 9,4 млрд. теңгенің 45 мың тонна өнімі жеткізілді.

ШОБ субъектілері 650 млрд. теңгенің өнімін өндірді (2017 жылы 750 млрд. теңгеге жоспарлануда). Кәсіпкерлікті қолдаудың барлық бағдарламалары аясында 39,1 млрд. теңге көмек көрсетілді. 2017 жылы бұл сома 43 млрд. теңгеге дейін артады деп күтілуде.




Яндекс.Метрика