Өңірлер

2017 жылы Ақтөбе облысында экспорт көлемін 12 пайызға арттыру жоспарланған (ФОТО)

2017 жылы Ақтөбе облысында экспорт көлемін 12 пайызға арттыру жоспарланған, деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде.
Ақтөбе 22 Ақпан, 15:43

Ақтөбе облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚР Үкіметінің қолдауымен облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін төмендетпеу және жұмыссыздық саны өсуіне жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық шаралар қабылданғанын атап өтті. Жалпы алғанда  облыстың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша өсімнің оң өзгерісі байқалады.

«Өткен жылы біздер Президент тапсырмасын орындау үшін барлық күш-жігерімізді салдық. Өңірдегі экономика өсімінің деңгейі 102%-ға дейін жетеді деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің өсімі -115,8%, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі – 184,8  млрд теңгені, тартылған инвестиция – 373,7 млрд. теңге құрап, бөлшек сауда айналым көлемі – 490,6 млрд.  ал ШОБ-тің әрекет етуші субъектілері 101,5% артты. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі-100,2% құрады немесе 1202,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген», - деп атап өтті облыс әкімі.

Биылғы жоспарда құны 40млрд. теңге тұратын 22 жобаны енгізу, кем дегенде 10 нысанды жаңарту, жүмыс жасап тұрған және тұралап қалған кәсіпорындарды барынша жүктемесін арттыру, еңбек өнімділігін 24,8-ден 27 мың АҚШ долларына дейін көтеру, фармацевтика өнеркәсібін дамыту секілді экономиканы әртараптандыру тапсырмасы тұр.

Өткен жылы облыс 2,5 млрд.АҚШ долларының өнімін сыртқа шығарса, ағымдағы жылы экспорт көлемін 12%-ға арттыру жоспарлануда. ШОБ субъектілері 650 млрд.теңгенің өнімін өндірді, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында бизнес өкілдеріне 39,1 млрд.теңге көлемінде көмек көрсетілді, аталмыш көрсеткіш 43 млрд. теңгеге дейін өспек.





Яндекс.Метрика